arasha.kz

Ұйғыр ауданында 90 млн теңге жымқырған аурухана есепшісі сотталды

Ұйғыр аудандық орталық аурухананың бухгалтері Мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың қаражатын 90 млн теңге көлемінде жымқырғаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Алматы облысының прокуратурасы мәлімдеді.

​Бұл қаражатты кәсіпкерлер аурухананың банктік шотына шарттардың орындалуына кепілдік түрінде енгізген.

​«Азаматша Д. аудандық аурухананың есепшісі бола отырып, бұл қаражатты өз шотына аудару арқылы иемденген. ​Талдау шеңберінде Алматы облысының прокуратурасы тағы 50 млн теңгеге бұзушылықтарды анықтады, олар 25 кәсіпкерге қайтарылуы қажет. ​Прокуратураның қадағалау актісімен ақшалай қаражаттың бір бөлігі бизнес субъектілеріне қайтарылды», – делінген хабарламада.

​Анықтама үшін: мердігерлер тапсырыс берушілердің шоттарына шарттық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету болып табылатын шарт құнынан 3% ақшалай қаражат енгізеді.

Бұл енгізілген қаражат мемлекеттік сатып алу бойынша міндеттемелер орындалғаннан кейін кәсіпкерге қайтарылады.

Exit mobile version