
Алматыда үш баласымен 9 қабаттан секіріп өлген әйелді өлімге апарған себеп – жұбайымен болған жанжал. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті хабарлады.
«Тергеудің осы кезеңінде өзін үш баласымен 9-қабаттан лақтырып жіберген әйелдің әрекетінің алдын-ала себебі анықталғанын хабарлады.
Бұл отбасылық-тұрмыстық қатынастар негізіндегі жұбайымен болған жанжал. Өлім алдындағы жазбасы бар.
Басқа мән-жайлар анықталуда.
Естеріңізге сала кетейік, қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 105 бабына сәйкес тергелуде. Тергеу-жедел тобы құрылды», – деп мәлімдеді ПД.
Бүгін Алматыдағы «Жетісу» ықшам ауданындағы көп қабатты үйлердің бірінен үш баласымен бірге әйел адам секіріп кеткен. Үш бала және әйел қаза тапты.
-
24.02.2025
-
24.02.2025
-
24.02.2025
-
24.02.2025
-
24.02.2025
-
24.02.2025
-
24.02.2025
-
24.02.2025
-
24.02.2025