
Қытай Халық Республикасының Шыңжаң өңірінде кінәсіз қамалған 13 жасар қыз Динара Ерғали елге оралып, ата-анасымен қауышты деп жазады Халықаралық Құқықтық Бастама өзінің facebook парақшамында.
Қытайдағы балалар лагерінде сегіз ай қамауда отырған кішкентай қыз Халықаралық ұйымдардың көмегімен босатылып шыққан.
«Біз БҰҰ-на жедел көмек сұрап, арнайы сұраныс жібергеннен кейін Адам құқықтары бойынша Жоғарғы Комиссарының құрылымдары іске араласқанда, Қытайдағы жергілікті билік Динара мен оның ағасы Ербол Ерғалиді екеуін лагерден босатып, Динараны ата-анасына қайтарды, өйткені, кішкентай қызды ата-анасынан айырып, мәжбүрлі түрде ұстау барлық балалар құқықтарын өрескел бұзады» -деп жазылған хабарламада.
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
22.02.2025
-
22.02.2025
-
22.02.2025