Елорда прокуратурасының үйлестіруімен сот орындаушылары жалақы бойынша борышкерлерден 320 млн теңгені өндіріп, 160 жұмысшының құқығын қорғады.
5 мыңнан астам баланың 2,5 млрд теңгеге алименттік қарыздары өндірілді.
Прокуратураның қадағалау қызметінің басым бағыттарының бірі жалақы мен алимент өндіру болып отыр.
Қалалық прокуратура борышкерлердің сот актілерін орындаудан жалтару фактілерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізуде.
Мысалы, 1 млрд теңгеден астам қарызы бар 500 аса борышкер құмар ойындарға (букмекерлік кеңселер, казинолар, онлайн казинолар арқылы) 1,5 млрд теңге айналымымен қатысқан.
8 млн теңге қарызы бар басқа 2 борышкер курьерлік жеткізу қызметінде жұмыс істеп жүріп кірістерін жасырған.
10 борышкер 230 млн теңгені құрайтын кәсіпкерлік қызметтен түскен кірістен 50 млн теңге көлемінде қарыздарын өтемеген.
Аталған заңбұзушылықтар бойынша қалалық прокуратура 38 сотқа дейінгі тергеп-тексеруге бастамашылық жасады, 14 борышкер сотталды, 165 – әкімшілік жауаптылыққа тартылды, сондай-ақ енгізілген прокурорлық қадағалау актісі бойынша уәкілетті орган оларды жою шараларын қабылдауда.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024