Білім беру саласындағы жемқорлық өршіп тұр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі таратқан деректерге қарағанда, білім саласы жемқорлыққа белшеден батқан.
2023 жылдың басынан бері осы салада барлығы 247 қылмыстық іс тіркелген. Олар бойынша шығын 15,5 млрд теңге болған.
Аймақтар бойынша алғанда, Жетісу, Түркістан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе облыстары мен Алматы қаласында жымқырудың ең үлкен сомасы анықталған.
Қылмыс жасауда 327 адам әшкереленді, оның ішінде 154 адам түрлі жазалау шараларымен сотталды.
Осы ретте 86 бухгалтер, 17 мектепке дейінгі мекеме басшысы, 13 мектеп және колледж директоры, 4 білім бөлімінің басшысы және т. б. сотталды.
Қазіргі уақытта 195 бухгалтер, 26 мектеп және колледж директоры, 21 мектепке дейінгі мекеме басшысы, 17 кәсіпкер, 17 білім бөлімінің басшысы тергеуде және күдікті деп танылды, – делінеді агенттік ақпаратында.
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
24.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024