arasha.kz

13 жастағы қызды зорлаған полицейге үкім шықты

Балқаш қаласында 13 жастағы жасөспірімді қорқытып, төсек қатынасына тартқан полиция қызметкері 14 жылға бас бостандығынан айрылды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Жасөспірімге қатысты зорлық оқиғасы 2020 жылдың жаз айында болды. Күдікті бірінші қыздың ата-анасының саяжайында қарасора өсіп, оны сатып жатқанын байқайды. Анасынан қызының нөмірін алған.

Полицей жасөспіріммен кездесіп, оның саяжайда қарасора шегетінін айтып қорқытады. Сонымен қатар, бұл қылмыс үшін жасөспірімнің әкесі 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін айтып, кейбір құжаттарға қол қойғызған.

Сонымен қатар, жасөспірімнен марихуананы қолданып жүргені туралы мойындау түсініктемесін өз айтуымен мәжбүрлеп жазғызып алған. Кейін қыз баладан жыныстық қатынас талап еткен.

Полиция қызметкерінің әрекеті сотпен ділелденіп, 2 наурыз күні үкім шықты.

Полиция қызметкері 14 жылға бас бостандығынан айырылды және жасөспірімнің отбасына 5 миллион теңге көлеміндегі моральдық зиянды өтеу міндеттелді.

Exit mobile version