Ақтөбе облысында жыл басынан бері 48 әйел, 3 ер адам жыныстық зорлық көрген. Бұл туралы aktobetimes.kz құқықтық статистика және арнайы есеп басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.
«Ақтөбетаймстың» жазуынша, жыл басынан бері облыста 18 жастан асқан 48 әйел адам және 3 ер адам жыныстық зорлық көрген.
Жыл басынан бері зорлық ісі бойынша тіркелген 48 істің үшеуі ғана сотқа жолданған. Оның өзінде бір ғана іске сот шешім шығарып айыптыны 3 жыл 6 айға шартты жаза кескен. Сотқа жолданған қалған екі іс бойынша тараптар келісімге келген.