12-02-24 |
3760 рет қаралған
Алматы облысында қару-жарақ жасырынған орын анықталды.
Алматы облысында қару-жарақ жасырынған орын анықталды

2024 жылғы 6 – 9 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас прокуратураның үйлестіруімен жедел-іздестіру іс-шаралары шеңберінде Алматы облысында қаруы бар 3 жасырын орынды анықтағандарын мәлімдеді.

4 Калашников автоматы мен оған 3 оқжатар, Макаров тапаншасы, карабин, аңшы мылтығы, сондай-ақ әртүрлі калибрдегі 65 патрон алынды.

Алдын ала деректер бойынша, табылған қару «қаңтар оқиғасы» кезінде ұрланған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.