Жуырда облыстық соттың апелляциялық алқасы жаңа туған баласын ерлі-зайыптыларға сатып жіберген Атырау тұрғынының ісін қарады. Бұл туралы Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Тергеу мәліметтері бойынша, алғашқы баласын сатқаннан кейін ол қайтадан жүкті болып, жаңа балаға сатып алушыларды тауып, олардан 2,3 миллион теңге алып, жоғалып кеткен. Сотталушы кейін екінші баласын да сатып жіберген.
Жаңа туған нәрестелерін ақшаға сатып алған ерлі-зайыптылар әке болуды белгілеп, балаларының туу туралы куәлігіне өз есімдерін енгізген. Бірінші сатыдағы сот бала сатушыны алаяқтықпен қосқанда 8 жылға бас бостандығынан айырды. Сатып алушылар шартты түрде үш жылға бас бостандығынан айырылды.
Сотталушылар мен адвокаттар сот үкімін бұзып, ақтау үкімін шығаруды сұрап апелляциялық шағым түсірген. Дегенмен, алқа бірінші сатының сот актісін өзгертуге немесе жоюға негіз таппады.
-
20.11.2024
-
20.11.2024
-
20.11.2024
-
20.11.2024
-
20.11.2024
-
20.11.2024
-
20.11.2024
-
20.11.2024
-
19.11.2024