«ҚТЖ» ҰК» АҚ қарасты Балқаш жол дистанциясының бастығына қатысты тергеу жүріп жатыр. Қамауға алынған теміржолшы бюджеттің миллиондарын жымқырды деп айыпталуда.
Тергеу нұсқасы бойынша, ол тергеу барысында анықталған лауазымды тұлғалармен бірге темір жол төсемін күрделі жөндеу бойынша жекелеген жұмыс түрлерін орындамау арқылы бюджет қаражатын жымқырған.
«Транспортық бас прокуратурасы мен Нұр-Сұлтан қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті бірлескен іс-шаралар нәтижесінде «ҚТЖ»ҰК» АҚ филиалы лауазымды тұлғаларының заңға қайшы әрекеттерінің жолын кесті.
Ағымдағы жылдың 10 ақпанында «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалының Балқаш жол дистанциясының бастығы азамат Т. ұсталып, кейін соттың санкциясымен қамауға алынды», – делінген Транспортық бас прокуратура хабарламасында.
Транспорттық прокуратураның мәліметінше, жалпы шығын 92 миллион теңгеден асты.
«Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмеген», – деді транспорттық прокуратура.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
20.12.2024