Қуандық Бишімбаевты күзетпен ұстау мерзімі екі айға ұзартылды.
Салтанат Нүкенованың өлтірді деген күдікке ілінген бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты күзетпен ұстау мерзімі тағы екі айға, 9 наурызға дейін ұзартылды.
Бұл мәліметті Астана сотының баспасөз қызметі растады.
Айта кетсек, 2023 жылғы 9 қарашада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталған болатын.
ФОТО: ЖАНАР КАРИМОВА