08-02-24 |
5050 рет қаралған
Екі баласын өлтірген әйел қонақүйде жатқан жерінен ұсталды.
Екі баласын өлтірген әйел қонақүйде жатқан жерінен ұсталды

Түркістан облысында екі баласын өлтірді деген әйел ұсталды. Әйелді іздеуге облыстық полиция департаментінің барлық жеке құрамы, көршілес аймақтар мен мегаполистер бағытталды.

Барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілді.

«Қабылданған шаралардың нәтижесінде жедел уәкілдер күдіктіні Шымкент қаласындағы қонақ үйлердің бірінде ұстады. Адам өлтіру фактісі бойынша барлық мән-жайларды анықтау мақсатында тергеу жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Күдікті әйел қамауға алынды. Істің тергеу барысы менің жеке бақылауымда», – деп хабарлады Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов.

Еске салсақ, Түркістан облысындағы тұрғын үйден екі баланың денесі табылған болатын. Кейін оларды өлтірген анасы болып шықты.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.