Осы жылы Қызылорда облысы прокуратурасының үйлестіруімен Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерімен 2022-2023ж. аралығында облыс аумағында есірткі заты марихуананың голландиялық түрін өсірумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды.
Тергеу барысында салмағы 1,5 тоннадан астам есірткі заты алынып, 3 есірткі алқабы жойылды.
Сот санкциясымен қылмыстық топтың 22 белсенді мүшесі қамауда.
Тергеу аяқталды. Іс құжаттарымен танысу процесі жүргізілуде.