17-06-24 |
3270 рет қаралған
Есірткі сатқандар сотталды.
Есірткі сатқандар сотталды

Осы жылдың 12 маусымында Қазақстан азаматы мен екі шетелдікке қатысты Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімі күшіне енді.

Олар Қылмыстық кодекстің 264-бабының 1-бөлігі («трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құру»), 286-бабының 4-бөлігі («трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрамындағы контрабанда») және 297-бабының 4-бөлігі («трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында есірткі өткізу») бойынша ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруға кесілді.

Тергеу мен сот барысында аталған адамдар Қазақстан аумағында ауыр есірткі контрабандасы мен тасымалдауды ұйымдастыруға тырысқан трансұлттық қылмыстық топтың мүшелері екендігі дәлелденді.

Топқа қатысушылар 2023 жылғы тамызда ҰҚК жедел қызметкерлерімен прокуратура органдарының үйлестіруі және құзыретті органдарымен өзара әрекеттестікте ұсталды.

Тінту барысында олардан 1 кг-нан астам героин, 2 кг апиын, сондай-ақ 4 бірлік атыс қаруы мен оқ-дәрілер тәркіленді.

Халықаралық есірткі бизнесіне қарсы іс-шаралар жалғасуда.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.