Ішкі істер министрлігінің өкілдері Интернетте полицейлердің формасының сатылуы жайлы хабарламаларға қатысты тексеріс жүргізіп жатыр. Бұл туралы ҚР ІІМ сыртқы және ішкі коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Сәдубаев айтты, – деп хабарлайды arasha.kz Tengrinews.kz сілтеме жасап.
Әлеуметтік желі қолданушылары бұл хабарламаларға наразылық білдіріп жатыр. Олар сатушылардың бұл әрекетінің заңды екеніне күмән келтіріп, қылмыскерлердің осы форманы сатып алуы мүмкін деп қауіптеніп жатыр.
ІІМ өкілдері ереже бұзғандардың жауапкершілікке тартылатынын хабарлады. «Осы дерек бойынша қажетті тексерістер жүргізіп, ереже бұзғандардарды жауапкершілікке тартып жатырмыз. Дәл осы жағдайға қатысты тексеріс басталды. Тек қорытындысын күту қалды», – деп хабарлады Сәдубаев.
Дереккөз: kaz.tengrinews.kz
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
20.12.2024