Астаналық бір кәсіпкерден қылмыстық топ 27 миллион теңге, Ақмола облысының Бурабай кентіндегі аумағы 10 соток жер телімін және «Mercedes Gelandewagen» маркалы автомашинаны қорқытып алмақшы болған. Бұл туралы ҰҚК-ның баспасөз қызметі хабарлады.
Қылмыс жасау кезінде қылмыстық топ мүшелері суық қару және сырт кескіні жауынгерлікке ұқсас атыс қаруының нобайларын қолданып, «М»-ның және оның отбасы мүшелерінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген.