Төтенше жағдайлар министрі Костенко атындағы шахтадағы қайғылы оқиғаға кімнің қатысы бар екенін айтты.
Төтенше жағдайлар министрлігінің айтуынша, 19 күдікті бұл жай қызметкерлер емес, болған оқиғаға жауапты инженерлік-техникалық қызметкерлер.
«Бұл жауапты шенеуніктер. Барлық материалдар құзырлы органдарға берілді, олардың кінәсін сот анықтайды. Бұлар – бас директор Яблонский, кадр бөлімінің директоры Винокурова, АМТ Огай көмір департаментінің атқарушы директоры және Белый көмір департаментінің техникалық директоры», – деді Шәріпханов.
Естеріңізге сала кетейік, 28 қазанда «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Костенко шахтасында 700 метр тереңдікте өрт шығып, одан кейін метан-ауа қоспасы жарылған болатын. Апат салдарынан 46 жұмысшы қаза тапты.
-
08.01.2025
-
08.01.2025
-
08.01.2025
-
06.01.2025
-
06.01.2025
-
06.01.2025
-
06.01.2025
-
06.01.2025
-
06.01.2025