12-03-21 |
2040 рет қаралған
Күйеу баласының жүрегіне пышақ тығып өлтірді деген күдікпен ұсталды.
Күйеу баласының жүрегіне пышақ тығып өлтірді деген күдікпен ұсталды

Алматы облысында 36 жастағы азамат күйеу баласын өлтірді деген күдікпен ұсталды. Пышақ жәбірленушінің жүрегіне салынғаны айтылады.

Бұл туралы «Arasha.kz» ақпараттық-құқықтық сайты Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің дерегіне сүйене отырып хабарлайды.

ОҚИҒА:

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 наурыз күні Қарасай аудандық Полиция басқармасына көшеде ер адамның мәйіті жатқаны жөнінде хабарлама түскен.

Нақтырақ айтқанда, бұл уақытта сағат түнгі 22:15-ті көрсетіп тұрған.

Аталған хабарламадан соң жедел Әйтей ауылына барған тәртіп сақшылары шағымды растаған. Яғни, түнгі уақытта көшеде ер адамның мәйіті жатқаны туралы хабар шын болып шыққан.

Тергеу барысында анықталғандай, мерт болған 37 жастағы ер адам әйелімен бірге енесінің үйінде тұрып келген. Оның мүрдесі сол үйдің маңындағы көшеден табылған.

Жедел-іздестіру шарасы барысында 36 жастағы күдікті ұсталды. Ол – мерт болған азаматтың әйелінің туған ағасы екені анықталды.

СЕБЕП:

Күдіктіден терге барысында алдын ала алынған мәлімет бойынша, ол күйеу баласы – қарындасының жолдасымен ішімдік ішіп отырып, жер учаскесіне байланысты сөзге келіспей қалған.  

САЛДАР:

Мас күйінде далаға шыққан 36 жастағы азамат ас үй пышағын оның жүрегіне бір рет тыққанын мойындайды. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99 бабының 1-бөлігімен («Адам өлтіру») сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.