23-05-24 |
3520 рет қаралған
Маңғыстауда Иранның екі азаматына қатысты сот үкімі шықты.
Маңғыстауда Иранның екі азаматына қатысты сот үкімі шықты

Маңғыстау облысының соты есірткі контрабандасы ісі бойынша екі ирандық азаматқа қатысты үкім шығарды.

Сотталушылар есірткіні Қазақстан Республикасының аумағына өткізу мақсатында Ираннан әкелген. Тінту кезінде сотталушылардан жалпы салмағы 1,5 келіге жуық 295 бума апиын табылды. Сотта олар өз кінәларын толық мойындап, өкініштерін білдірді.

Нәтижесінде екеуі де бірдей үкім алды – олар 16 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.