11-06-24 |
5280 рет қаралған
Өскеменде референдум өткізбек болған екі сепаратист сотталды.
Өскеменде референдум өткізбек болған екі сепаратист сотталды

Өскемен соты Қазақстаннан бөліну туралы референдум өткізуге шақырған Шығыс Қазақстан облысының екі тұрғынына үкім шығарды.

Шығыс Қазақстан прокуратурасының мәліметінше, ақпан айында сотталушылар чатта сепаратистік идеяларды насихаттаған. Олар аймақта Қазақстаннан бөліну туралы референдумды ұйымдастыру керектігін алға тартып, сонымен бірге ұлтаралық және әлеуметтік араздықты белсенді түрде қоздырған. Оның үстіне, егер «референдум» өтпей қалса, айыпталушылардың пікірінше, Шығыс Қазақстан облысының аумағын күштеп тартып алу керек болған.

Осындай пиғылдың кесірінен Өскемен тұрғындары қылмыстық іс пен сотқа жеткізілді. Қамауға алынып, сот процесі басталғаннан кейін екеуі де кінәсін мойындап, өкінетіндерін жеткізді. Сот прокуратураның ұстанымын ескеріп, екі сепаратистті де бес жылға бас бостандығынан айырды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.