arasha.kz

Қарағандыда мектепте «теракт» ұйымдастырмақ болған азамат ұсталды

Қарағанды облысының полицейлері терроризм туралы хабарлама таратқан адамды ұстады.

Қарағанды облысы Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен атқарылған кешенді іс-шаралардың нәтижесінде облыс мектептерінде оқушыларды атамын деп хабарлама таратқан Телеграмм-арнасының әкімшісі әрі авторын ұстады.

Белгілі болғандай, 13 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны әлеуметтік желіден терроризм тақырыбындағы ақпаратты көріп, «Очищение Караганды» деген атаумен өзінің Telegram-арнасын  құрған. Осыдан ұсталған азамат облыс төңірегіндегі мектептерде терроризм актісінің дайындалуы туралы ақпарат таратқан.

Қазіргі уақытта телеграмм-арнасы өшірілді. Полиция қызметкерлерімен бұл қылмысқа шетелде жүрген адамдардың қатыстылығы тексерілуде.

Полиция органдары шұғыл қызметтердің шығыны үшін залалды өтеу бойынша сотқа талап-арыз беріледі. Баланың ата-анасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады.

Тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Exit mobile version