ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті сотқа дейінгі тергеу аясында «Қазақстан барысы» қазақ күресінен турнир өткізуге бөлінген 1,075 млрд теңге бюджет қаражатының жұмсалу заңдылығын тексеріп жатқанын мәлімдеді.
Басшылардан, мердігер өкілдерінен жауап алу, тінту және құжаттарды алуды қамтитын тергеу әрекеттері жүргізілуде, – делінген хабарламада.
Бейресми ақпаратқа қарағанда бұл мәселенің артында «Қазақстан барысы» жобасын жүргізген Арман Шораевтың және оның қарындасы Жанна Шораеваның тұрғаны туралы айтылады.
Алайда Арман Шораев бұл дауға қатысы жоқ екенін айтып, өзінің ақ екенін дәлелдеуге, халыққа жалған ақпаратқа сенбеуге кеңес берді.
Мен жүзеге асырған «Қазақстан барысы» жобасын да тілге тиек етіпсіңдер, айналайындар, идея менікі болғанымен, бұл жоба қазір халықтың қазынасына айналған. Аталарыңның асы мен наурызда ғана естеріңе түсетін қазақ күресін, түйе балуандарды елге танытып, сондай жоба жасасаңдар, сендерге кім “қой” деді?! Мені қаралап, жемқор қылып, халықтың алдында қарабет қылуды көздеген екенсіңдер, ақ жол! Бір қуанатыны – қазір халық өзгерген, көзі ашық, билік не айтса соған құлдық ұрмайтын қоғам қалыптасып келе жатыр! Сол үшін де сендердің сапарларың қысқа! Типа әділ өткізген сайлауда әділдіктің көзін ойып тұрып дауысымды ұрлап алдыңдар, БІРАҚ МЕНІҢ АЗАМАТТЫҚ КӨЗҚАРАСЫМ МЕН СӨЗ БОСТАНДЫҒЫМДЫ ҰРЛАЙ АЛМАЙСЫҢДАР! Құрметті дос-жаран, ниеттес-пікірлестер, биліктің жаңа стильдегі қуғын-сүргіні мен советский шаң басқан қысымына қынжылатын мен емес, МЕН АҚПЫН! – деп жазды Шораев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Сонымен қатар, «Қазақстан барысы» жобасына қатысты 2016-2019 жылдарда игерілген қаражаттың талан-таражыға түскені айтылады.
Сол жылдары Шораев өзінің жақын туыстары мен достары Атығаев, Бекмұрзаева және Мұсабековтар арқылы бюджет қаражатын шығарып алған – деп жазады Publica.kz парақшасы.
Arasha.kz
ФОТО: kazgazeta.kz
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024