Қарағанды облысында қыздарының зорланғанын жасырып келген ата-ананың әрекеті полицияда зерттеліп атыр. Жасөспірімді жыныстық қатынасқа тартқан ауыл молдасының әрекетін жасырғандар жауапкершілікке тартылады.
Қарағандыда 40 жастағы ер азамат кәмелетке толмаған қыз баланы зорлап, жүкті қылған. Оқиғаны облыстық полиция басшысы бақылауына алды.
«Бұл іс менің жеке бақылауымда. Күдікті ұсталып, абақтыға қамалды. Күдікті біреу. Дегенмен тергеушілер қылмысты жасырмақшы болғандарға қатысты талқылауда. Олардың әрекеттеріне қылмыстық баға беріледі, тіпті, олар жауапкершілікке тартылуы мүмкін», – деді облыстық ПД басшысы Ерлан Файзуллин.
Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысында ауыл молдасының оқушымен төсектес болғанын хабарладық. Ауыл молдасы ретінде танылған күдіктіден жүкті болып қалған оқушы жасанды түсік жасатқан.