10-02-21 |
1830 рет қаралған
Руслан Жанпейісов колониядан шығарылмайды.
Руслан Жанпейісов колониядан шығарылмайды

Блогер Руслан Жанпейісов Қызылордадағы колониядан шығарылмайды. Сот оның жазасын бас бостандығын шектеуге ауыстыру туралы шешімнің күшін жойды.

Қызылорда соты блогерге 7 ай және 21 күн мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған еді.

Биыл 28 қаңтарда Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы прокурордың жеке өтінішін қарап, шешімнің күшін жойды. Бас прокуратура блогердің не үшін бостандыққа шығарылмайтындығына қатысты түсініктеме берді.

Сотта сотталушының мінез-құлқын бағалау кезінде оның түзелгенін (тәрбие іс-шараларына, мекеменің қоғамдық өміріне қатысуы және т.б.) куәландыратын барлық мән-жайларды ескеруі тиіс. Бірақ сотта Жанпейісовті түзелді деп есептеуге негіз болған жоқ.

«ЗК-169/4 мекемесіне Б.К. Райымбеков 06.10.2020 жылы келді және материалды қарау кезінде көтермелеулер болған жоқ, оның мінез-құлық дәрежесі анықталған жоқ. Осыған байланысты сот сотталушы түзелу жолына түсті деп санауға жеткілікті негіз жоқ деген қорытындыға келді», – деді Бас прокуратурада.

Айта кетейік, Руслан Жанпейісов 2021 жылғы 29 шілдеде бостандыққа шығады.

Еске сала кетейік, 30 шілдеде Шымкент қалалық соты Жанпейісовті ең төменгі қауіпсіздігі бар қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде бір жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Блогер жәбірленушіге қасақана орташа ауырлықтағы дене жарақатын салғаны, сондай-ақ үкімет өкіліне тіл тигізгені үшін кінәлі деп танылды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.