Прокурорлар өткен жазда елді дүрліктірген оқиғаға қатысты тың деректер таратты. Сәтбаев қаласындағы 5 жасар қызды зорлау оқиғасына қатысы бар деген айыппен ерлі-зайыптылар тергеуге алынды. Іс бойынша күдіктілер саны 57 адамға жеткен. Іздеу жарияланған күдіктілер табылған жоқ.
Қазір прокурорлар Сәтбаев қаласында 5 жасар қызды ұрлап әкетіп, зорлады деген күдікпен тағы екі адамнан жауап алып жатыр.
«Бүгінгі күні аталған іс бойныша 57 күдікті жауапқа тартылып жатыр. Олардың 44-іне бұлтартпау шарасы, қамауда ұстау шарасы қолданылған. Бесеуі – үйқамақта, үшеуі ата-анасының қарауына берілген, екеуі ешқайда кетпеу жөнінде қолхатпен және үшеуі іздеуде жүрген. Оның біреуі анықталды», – дейді Қарағанды облысы прокуратурасының басқарма прокуроры Нұрсұлтан Қалдырбай.
Тергеу мәліметінше, өткен жылы шілдеде қаршадай қызды пәтерге 62 жастағы үй иесі кіргізіп алған. Бейкүнә баланың туыстары мен көршілері қызды іздей бастағанда, пәтер иесі де түк болмағандай солармен бірге жүрген. Ол қорғансыз қызға дәрі беріп ұйықтатып тастаған.
Күдік туғызған пәтерге еріктілер мен полицейлер басып кіріп, қызды төсектің астынан ес-түссіз күйінде тапты. Жиналған жұрт пәтер қожайынын өзіміз жазалаймыз деп арты жаппай тәртіпсіздікке ұласты.
Айта кетсек, күдікті өткен жылдың қараша айында тергеу абақтысында асылып өлді. Оның қасына қонаққа келген ерлі-зайыптының болғаны белгілі болды. Енді сотта осы екеуі жауап беруде.
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
13.11.2024
-
13.11.2024
-
13.11.2024
-
13.11.2024