arasha.kz

Шымкентте баланы терезеден лақтырып жіберген адамға қатысты сот үкімі шықты

Шымкентте екі жасар сәбидің өліміне кінәлі азаматты сот қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы шешім қабылдады.

Қайғылы оқиға өткен жылдың қараша айында болған. Шымкенттің орталығында көпқабатты үйлердің бірінде 40 жастағы ер адам өз жиенін үшінші қабаттың терезесінен лақтырып жіберген. Сәбидің анасы жедел жәрдем шақырған. Бірақ дәрігерлер оны аман алып қала алмады.

Сот ер адамның есі дұрыс емес екенін анықтады, ол баланың жылағанына шыдай алмай одан құтылуды ұйғарған.

«Ауыр дене жарақатының салдарынан жәбірленуші қылмыс орнында қайтыс болды. Соттың қорытындысы куәлардың айғақтарымен, заттай дәлелдемелермен, қорытындылармен, сот сараптамаларымен расталады», – деді судья Әбінұр Қарабаев.

Нәтижесінде ер адам Қылмыстық кодекстің 99 баптың 3-бөлігі бойынша жауапкершіліктен босатылды және психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеуді тағайындады.

Exit mobile version