arasha.kz

Шымкенттегі қонақ үйден тыйым салынған зат табылды

Шымкентте карантин талаптарын бұзған қонақ үйлердің бірінен есірткіге ұқсас зат тәркіленді.

Оқиға  22 ақпан күні анықталды.

Шымкенттік полицейлер профилактикалық жұмысты жүргізу барысында қонақ үйлердің бірі карантин талаптарын бұзып, жұмыс жасап жатқанын тіркеді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшысы қонақ үй әкімшілігінен түсініктемесін алып, тиісті іс-құжаттарды жинақтап, Абай ауданы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолдады.

Сондай-ақ, тексеру барысында аталған қонақ үйдің бөлмесінің бірінде есірткі затына ұқсас зат анықталып, айғақты зат ретінде тәркіленіп алынды.

Полиция қызметкерлері аталған жайтқа қатысы бар азаматтардың іс-әрекетіне тексерудің нәтижесі бойынша құқықтық баға беретін болады.

Exit mobile version