03-02-21 |
2380 рет қаралған
Талғар ауданының әкімі күзетпен қамауда отыр.
Талғар ауданының әкімі күзетпен қамауда отыр

Алматы облысы Талғар ауданының әкімі Серікжан Ерекешев қамауға алынды. Агенттік шенеуніктің пара алғанын растады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі Алматы облысы Талғар ауданының әкімі Серікжан Ерекешов пара алу дерегімен қамауға алынғанын растады.

«Алматы облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Талғар ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты пара алу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын хабарлаймыз. Талғар ауданының әкіміне қатысты тергеу соты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасын санкциялады» делінген агенттік хабарламасында.

Осыған дейін әлеуметтік желіде шенеуніктің пара алды деген күдікпен ұсталғаны жайлы ақпарат тараған еді. Бірақ құзырлы орган өкілдері ақпаратты растаған да, теріс шығарған жоқ болатын.

Шенеуніктер орындалған жұмыс актілеріне қол қойғаны үшін мердігерлік ұйым директорынан 10 млн теңге пара алды деген күдікке ілінген.

Айта кетейік, Серікжан Ерекешов Талғар ауданы әкімі қызметіне өткен жылдың тамыз айында тағайындалды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.