09-01-24 |
5900 рет қаралған
Тендер ұтып алған кәсіпкерден 7 млн теңге бопсалағандар ұсталды.
Тендер ұтып алған кәсіпкерден 7 млн теңге бопсалағандар ұсталды

Атырау облысы полиция департменті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаметімен бірлесе отырып, облыс прокуратурасының үйлестіруімен жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Мақат ауданында кәсіпкерден 2,5 млн теңге қаражатты қорқытып алу дерегі анықталған.

35 және 34 жастағы екі күдікті жәбірленушіден 1 млн теңге алу барысында ұсталып, қамауға алынды.

Іс-құжаттарына сәйкес аталған күдіктілерге осы кәсіпкерден 2023 жылғы қазан айынан бері бопсалау арқылы жалпы сомасы 4,5 млн теңгені заңсыз иемдегені үшін де күдік келтірілуде.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.