25-01-24 |
4180 рет қаралған
Терроризмді қаржыландырғандар ұсталды.
Терроризмді қаржыландырғандар ұсталды

ҰҚК 2024 жылғы 20- 24 қаңтарда прокуратура және полиция органдарының жәрдем көрсетуімен Астана, Шымкент қалаларында және Ақтөбе облысында діни радикалдар әрекеттерінің жолын кесу бойынша операциялар өткізгенін мәлімдеді.

Жедел қызметкерлер терроризмді насихаттады және қаржыландырды деген күдікпен үш адамды ұстап, қамауға алған.

ҚР Қылмыстық кодексінің 256-бабы 2-бөлігі және 258-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қазіргі уақытта осы істердің барлық мән-жайын анықтау үшін жедел және тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.