arasha.kz

Түркістанда көкпаршылар оқ атты

Түркістан облысында көкпар ойыны кезінде оқ атылды. Атысты полиция қызметкерлері тоқтатты.

Оқиға Түркістан облысының Қазығұрт ауданында болған. Күдіктілер ұсталды. ҚР Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі «Бұзақылық» бабымен тергеу жүріп жатыр.

Полиция мәліметінше, Қазығұрт АПБ-ның кезекші бөліміне учаскелік инспекторлардан бос жайылымдардың бірінде болған кезекті «көкпарды» тоқтату кезінде белгісіз тұлғалардың тарапынан қару қолдану арқылы бұзақылық жасалғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Жедел жүргізілген арнайы операция нәтижесінде Түркістан облысы ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Түркістан облысы ҰҚКД және Ұлттық ұланның «Бүркіт» арнайы жасағымен бірлесіп, Қазығұрт кенті көшелерінің бірінде «ВАЗ» маркалы автокөлікті тоқтатып, 4 күдіктіні ұстады. Ұсталған Қазығұрт ауданының төрт бірдей тұрғыны полиция бөліміне жеткізілді.

Күдіктілерді тінту кезінде полицейлер сөмкені тауып алып, одан заттай дәлел ретінде 16 калибрлі шолақ мылтық пен оқ-дәрілерді тәркіледі. азықсупер Тағы да оқыңыздар Атыраулықтарды азық-түлік жеткізіп беремін деп алдап кеткен адам ұсталды Жедел уәкілдер күдіктілердің үйін одан әрі тінту кезінде қосымша 16 калибрлі аңшылық мылтық пен екі травматикалық тапаншаны тапты деп хабарлайды Polisia.kz.

«Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жастар қамауға алынды. Полиция қызметкерлері күдіктілердің басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеріп, қарудың қайдан алынғанын анықтауда.

 

Exit mobile version