Әлеуметтік желілерде кәмелетке толмаған ер баланы моншада зорлағандардың видеосы тарап кетті. Оқиға Қырғызстанда болған деп болжанады. Видеода күдікті мен жәбірленуші қырғыз тілінде сөйлесті, деп хабарлайды Arasha.kz.
Жантүршігерлік видео әлеуметтік желілерде 24 қаңтар күні тарады. Нақты жасы белгісіз, жас ер адам кәмелетік жасқа толмаған ер баланы жыныстық қатынасқа тартқан. Бейне қай жерде және қашан түсірілгені белгісіз. Кадарлардан күдіктінің баланы қорқытқанын көруге болады. Олар қырғыз тілінде сөйлесті. Жәбірленуші өзін жіберуді сұрап, жалынды.
Қырғызстан ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі полиция қызметкерлері зорлаушыны іздеуді бастағанын хабарлады.
Барлық ішкі істер департаменттеріне (облыстық, қалалық және аудандық деңгейлер) күдіктіні іздеу бойынша нұсқаулық берілген.