ҰҚК жедел қызметкерлер Алматы маңында екі шетелдікті қылмыс үстінде ұстады.
«ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті аса ірі көлемде синтетикалық есірткіні өндіру және тарату әрекетінің жолын кесті. 2024 жылғы 3 қаңтарда Алматы қаласына жақын орналасқан жалға алынған жеке үйде есірткіні дайындау кезіндегі қылмыс үстінде жедел қызметкерлер екі шетелдік азаматты ұстады», – деді ҰҚК баспасөз қызметі.
Тінту барысында заңсыз айналымнан 30 кг «альфа-PVP» психотропты затының дайын өнімі, сондай-ақ 5.5 тоннадан астам прекурсорлар алынды.
Қолда бар мәліметтер бойынша есірткілер интернет арқылы сату жолымен Қазақстанда таратылуға арналған.
-
08.01.2025
-
08.01.2025
-
08.01.2025
-
06.01.2025
-
06.01.2025
-
06.01.2025
-
06.01.2025
-
06.01.2025
-
06.01.2025