arasha.kz

Ыстық үтікпен адам азаптаған полицейлер сотталды

Қаңтар батыры Азамат Батырбаевты азаптаған полиция қызметкерлеріне қатысты бүгін сот үкімі шықты.

Қылмыстық іс Жетісу облысының арнайы прокурорларымен тергеп-тексерді.

Мемлекеттік айыптаушылар 2022 жылғы 5-16 қаңтар аралығында Алматы облысы полиция Департаментінің ғимаратында кінәлі тұлғаларға қатысты физикалық зорлық-зомбылықпен қатар, тергеудің тыйым салынған әдістерін жасағаны дәлелденді.

Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде жеті жәбірленушіге әртүрлі дәрежедегі дене жарақаттары келтірілген.

Үкім бойынша 4 жыл, 4 жыл 6 ай, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалса, ал төртіншісіне 2 жыл бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар, сот оларды арнайы атақтарынан және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Exit mobile version