29-03-19 |
5830 рет қаралған
Қытай кәсіпкерін ұрлап, 22,5 млн. теңге талап еткендер ұсталды.
Қытай кәсіпкерін ұрлап, 22,5 млн. теңге талап еткендер ұсталды

Қазақстандағы Қытай елшілігіне полицияға адам ұрланд деп хабар берген. Ал елшілікке қытай кәсіпкерінің әйелі барып оған белгісіз біреулер телефон шалып, күйеуін ұрлап кеткендерін хабарлап 400 мың юань (22,5 млн. теңге) талап еткенін айтып көмек сұраған, – деп хабарлайды ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Қылмысты үшін Алматы қаласы Полиция департаментінде жедел-тергеу тобы құрылып, жедел және арнайы іс-шараларды жүргізген. Нәтижесінде күдіктілердің жеке басы анықталып, полицияның жедел қызметтері арнайы бөлініс жауынгерлерімен ұрланған адамды құтқару бойынша операциялар жүргізген. Қылмысқа қатысушылардың барлығы ұсталып, қамауға алынған.

Қытай кәсіпкері қазақстандық полицияға рахметін жаудырыпты. Ал Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо ішкі істер министрлігіне арнайы барып, министр Ерлан Тұрғымбаевқа және жедел операцияға қатысқан барлық полицейлерге алғыс айтқан.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.