11-03-19 |
3500 рет қаралған
Қытайдан Қазақстанға заңсыз көші-қон ұйымдастырып келген адамдар ұсталды.
Қытайдан Қазақстанға заңсыз көші-қон ұйымдастырып келген адамдар ұсталды

Жамбыл облысының аумағында ұзақ уақыт бойы қытайлық азаматтардың заңсыз көші-қонын ұйымдастырумен айналысқан адамдар тобының заңға қайшы әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.
ҚХР-дан мигранттардың заңсыз арнасын Тараз қаласы көші-қон полициясы бөлімінің қызметкерлері ұйымдастырған. Атап айтқанда, бұрынғы басшысы А. Зейдалиев және оның орынбасары Б. Наурызбаев, олар сондай-ақ ҚХР-дан шыққан У. Силамбекпен «делдал» ретінде сыбайласқан.

фото - knb.gov.kz
фото – knb.gov.kz

Көрсетілген адамдар тобы жалған құжаттарды қолданып, Жамбыл облысында ҚХР-дың 170-тен аса азаматын оларға Қазақстанда кедергісіз тұру үшін тиісті құқық беретін құжаттар берумен құжаттандырған.
2019 жылғы 5 наурызда Тараз қ. № 2 қалалық сотында көрсетілген қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды.
А. Зейдалиев ҚР ҚК мынадай баптары: 361 4.4 З-т. («Ауыр салдарларға әкеп соққан лауазымдық уәкілеттілікті теріс пайдалану»), 394 4.2 («Адамдар тобының алдын ала сөз байласып заңсыз көші-қон ұйымдастыруы») бойынша кінәлі деп танылып, 4 жыл 6 айға орташа қауіпсіздіктегі түзеу мекемесінде жазасын өтеумен бас бостандығынан айырылды.
Б. Наурызбаев ҚР ҚК 361-бабы 4-бөлімі З-т, 394-бабы 2-бөлімі бойынша кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 айға орташа қауіпсіздіктегі түзеу мекмесінде жазасын өтеумен бас бостандығынан айырылды.

фото - knb.gov.kz
фото – knb.gov.kz

У. Силамбек ҚР ҚК 394-бабы 2-бөлімі бойынша кінәлі деп танылып, 4 жылға орташа қауіпсіздіктегі түзеу мекмесінде жазасын өтеумен бас бостандығынан айырылды.

Сотталған Б. Наурызбаев пен У. Силамбек үкім жарияланғаннан кейін сот залында қамауға алынды. А. Зейдалиевке қатысты бұрын «қамау» шарасы қолданылған болатын.

фото - knb.gov.kz
фото – knb.gov.kz

Қазіргі уақытта ҚХР азаматтарына берілген оларға ҚР аумағында тұруға құқық беретін ресми құжаттардың күшін жою туралы мәселе шешілуде.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.