arasha.kz

Жоғарғы сот судьясы парамен ұсталды

Қазақстанда Жоғарғы соттың судьясы ірі көлемде пара алып жатқан жерінен ұсталды. Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз қызметі хабарлады

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен жоғарғы соттың ішкі қауіпсіздік қызметі бірлескен тексеру шараларын өткізген. Нәтижесінде ағымдағы жылдың 11 ақпанында Жоғарғы соттың судьясы қомақты мөлшерде пара алып жатқан жерінен ұсталды», – делінген хабарламада.

Жоғарғы соттың мәліметі бойынша, Түркістан аудандық соты жоғарғы соттың жасаған қызметтері үшін ақша аударған. Оған қоса, пара берген Түркістан аудандық сотының судьясы ұсталды.

Exit mobile version