Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов кез келген саланың серпінді дамуын қамтамасыз ету үшін басқарушы элитаны үнемі жаңартып отыру қажет екенін айтты.
Министр үш айда республикадағы бес универсиеттің ректоры ауысқанын алға тартты. Атап айтқанда, ол Абай атындағы ҚазҰПУ, Қожа Ахмет Ясауи атындағы қазақ-түрік университеті, Қыздар ұлттық университеті, Сәтбаев университеті, Қозыбаев университетінің басшысы болып мол тәжірибесі бар көшбасшылар тағайындалғанын айтты. Бұл туралы Sputnuk Қазақстан жазды.
«Жаңа көшбасшылар – өз елін, жерін сүйетін патриоттардан құралған жас ұрпақ. Көбінің халықаралық тәжірибесі бар, олар – кәсіби ортада кеңінен танымал және маман ретінде қалыптасқан тұлғалар. Тағайындалған басшылардың басым бөлігі «Болашақ» бағдарламасының түлегі және әлемнің үздік жоғары оқу орындарында білім алған болса, енді бір бөлігі Назарбаев университетінде оқыған немесе жұмыс істеген мамандар», – деп жазды Аймағамбетов Facebook парақшасында.
Айтуынша, адами капиталды дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыру кезінде жергілікті мекендегі жағдайды толық ескеру үшін өңірлерде қызмет атқарып жатқан мамандар жұмысқа тартылады.
«Біздің көздегеніміз жаңа мамандарды жұмысқа тартып, қызметте жүрген басшыларды толығымен ауыстыру саясатын жүргізу емес. Біздің басты мақсатымыз – қазақстандық білім мен ғылымның әлеуетін барынша күшейту үшін «жастық пен тәжірибенің үйлесім табуын» қамтамасыз ету», – деді министр.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024