arasha.kz

Астана Мемлекеттік қызмет хабы мен «Зерде» Холдингі мемлекеттік қызмет саласындағы инновациялық шешімдерді іздестіру бойынша жобаны іске қосады

Астана мемлекеттік қызмет хабы, БҰҰДБ және «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ-мен бірлесіп, инновациялық шешімдерді, тәсілдер мен технологияларды іздестіруге, сондай-ақ оларды мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызметтерді көрсету жүйесіне енгізу үдерісін жеделдетуге бағытталған мемлекеттік қызмет саласындағы инновацияларды акселерациялау зертханасын (бұдан әрі – инновациялар зертханасы) іске қосады.

Инновациялар зертханасы – инновациялық саясат пен стартап-жобаларды әзірлеу және іске асырумен айналысатын практиктер мен сарапшыларды біріктіретін және оларға инновациялық шешімдер конкурсына қатысуға және кейіннен жобаны нақты жағдайға (инкубация мен акселерация) дайындау және бейімдеу үдерістерінен өтуге, сондай-ақ мамандандырылған сарапшылар қолдауымен ҚР мемлекеттік мекемелерінде стартап-жобаны сынақтан өткізуге мүмкіндік беретін алаң.

Аталған жоба аясында мемлекеттік қызмет саласындағы инновациялық шешімдер бойынша конкурс жарияланды. Конкурстың міндеті – төменде көрсетілген бағыттарды қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, инновациялық шешімдер мен жобаларды іздестіру және іріктеу:

Өтінімдер 2021 жылғы 5 қарашада (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша) 00: 00-ге дейін қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін өтінімді осы сілтеме бойынша өтіп, конкурстың белгіленген мерзімінде кез келген уақытта беруге болады.

Алдын ала танысу үшін конкурсқа қатысу ережесі.

Зертхана және іске асыру кезеңдері туралы толығырақ ақпаратты осы сілтеме арқылы біле аласыз

Жоба цифрлық технологиялардың барлық артықшылықтарын пайдалана отырып, Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесін трансформациялауға, елде цифрлық шешімдерді жеделдетуге және енгізуге, сондай-ақ дағдарыстық жағдайларды неғұрлым тұрақты және жақсы шешуге қабілетті ету үшін мемлекеттік қызметтің операциялары мен процестерін цифрландыруға бағытталған.

Exit mobile version