19-11-19 |
1520 рет қаралған
Нұр-Сұлтанда «Инновацияларды ынталандыру: ғылым мен бизнестің кооперациясы» атты конференция өтті.
Нұр-Сұлтанда «Инновацияларды ынталандыру: ғылым мен бизнестің кооперациясы» атты конференция өтті

Нұр-Сұлтанда «Инновацияларды ынталандыру: ғылым мен бизнестің кооперациясы» атты конференция өтті Іс-шара Қазақстандағы ғылыми жетістіктерді коммерцияландырудың табысты тәжірибелерін таныстыру үшін маңызды оқиғалардың бірі болып саналады. Конференция «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы аясында ҚР Білім және ғылым министрлігі Дүниежүзілік банкпен бірлесіп ұйымдастырылды.
Конференция барысында қазақстандық ғылыми жетістіктерді коммерцияландырудың табысты тәжірибесі, сондай-ақ Қазақстан экономикасының үдемелі дамуын жүзеге асыру үшін бизнеспен жемісті ынтымақтастықтың нәтижелері таныстырылды.
«Қазақстан Үкіметі мен Дүниежүзілік банктің бірлескен жобасы қазақстандық ғалымдар мен олардың әзірлемелерін қолдау құралдарының бірі болып табылады. Қазақстан отандық ғылымды жаңа деңгейге шығару мақсатын қойды. Міндеттердің бірі – ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру, ғалымдар мен бизнес өкілдерінің өзара іс-қимылы. Өнімді инновациялар экономика мен қоғамның барлық салаларын қамтитын және тиімді байланыстыратын өсудің негізгі факторы ретінде түсініледі. Біздің жобаның негізгі мақсаты жоғары сапалы, ел үшін өзекті технологияларды коммерцияландыру әлеуеті бар зерттеулерді жүргізуді ынталандыру, сондай – ақ әлемдік білім мен тәжірибені тиімді пайдалану болып табылады», – деп атап өтті «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын басқару тобының директоры Мұрат Сартбаев.
Конференция бағдарламасында «Сәтті жобалар» атты сессия өтті, оның барысында қазақстандық ғалымдар мен алдыңғы қатарлы ғылыми шешімдерді жасаушылар өз жобаларын коммерцияландыру тәжірибесімен бөлісті.
Жобаның жедел қызметі туралы пікірсайыс алаңында ғылым мен бизнестің тығыз өзара әрекеттесуінің өзекті мәселелері, сондай-ақ Қазақстанның ғылыми жетістіктерін дамытудың маңызды факторларының бірі ретінде инновацияны ілгерілетуді қолдау мәселелері талқыланды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.