16-09-19 | 14:43
Қымбатқа түсетіндіктен үкімет Шамалғанда көпір салмаған.
Қымбатқа түсетіндіктен үкімет Шамалғанда көпір салмаған

Пойыз бен автобус соғысып қалған теміржол бекетінде көпір салу қымбатқа түсетіндіктен үкімет осыған дейін көпір салмаған екен.

– Дәл сол жерде жол өткелін салу үшін 70 үйді және екі жанармай бекетін сүру қажет. Ал ол бюджетке өте үлкен шығын, – депті министр Роман Скляр.

Индустрия және инфроқұрылымды дамыту министрі Р.Склярдің айтуынша, апат болған жердің жанынан көпір салу жоспарланып отырған көрінеді. Көпір құрылысы келесі жылы басталмақ.

Үкіметті түсіну қиын. Халықаралық, ел ішілік түрлі форумдар мен жиналыстарға бюджет ақшасын аямайтын билік халыққа аса қажетті дүниелерге келгенде оны қымбатсынып, қазына қаржысын үнемдегіш бола қалады. Қазына қаржысы халықтың салығынан құралатынын үкімет әлі күнге білмейтін секілді…

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.