25-11-19 | 16:37
Қытай компаниясына берілген кен орны туралы келісімшарт құпия ма?.
Қытай компаниясына берілген кен орны туралы келісімшарт құпия ма?

Қарағандыда тұратын қоғам белсендісі Әлия Садырбаева телеграм каналында Қарағанды облысы аумағындағы жоғарғы Қайрақты кен орнының тағдырына алаңдап, жазба жариялады.

“Мен бұрынырақта “Жер және оның байлығы Қазақстан халқына тиесілі” атты жобамыздың аясында былтыр қараша айында прьемер-министрдің Қытайға сапары кезінде Қарағанды облысындағы жоғарғы Қайрақты вольфрамо-молибден кен орнын Қытай компаниясына өңдеуге беру туралы келісімшартқа қол қойылғанын жазған едім. Қолданыстағы заңға сәйкес жер қойнауын пайдалану туралы келісімшарттың барлығы жаоияланып, ашық әрі қолжетімді болуы тиіс. Өкінішке қарай, жоғарыдағы кен орны туралы келісімшартты еш жерден таппадым. Осыған байланысты әкімшілікке сұрау хат жолдадым.

Бірінші сұрау хат 19.08.2019 жылы сол кездегі облыс әкімі Е.Ж.Қошановқа жолдадым. Қошанов хатты облыс әкімінің орынбасары А.А.Айдаровқа бағыттаған. Екі ай жауап күтіп келмеген соң, 22.10.2019 жылы облыстың қазіргі әкімі Ж.М.Қасымбекке қайтара сұрау хат жолдадым. Жаңа әкім Ж.Қасымбек хатты облыс әкімінің орынбасары сол баяғы А.А.Айдаровқа бағыттаған” деп жазады А.Садырбаева.

Қоғам белсендісі облыс шенеуніктердің сұрау хатқа заңға сәйкес жауап бермегені үшін прокуратураға шағым түсіргенін жазады.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.