01-10-19 | 21:41
“Қытай халқын ешқандай күш тоқтата алмайды”.
“Қытай халқын ешқандай күш тоқтата алмайды”

Бүгін Қытайда Қытай халық республикасының құрылғанына 70 жыл толуы кең көлемде тойланып жатыр. Жетпіс жылдыққа орай Бейжіңде Тянмэнь алаңында болған әскери парадқа 15 мың әскери қыметкер, 580 әскери техника және 160 әсери ұшақ қатысқан. Осылайша Қытай өзінің әскери күш-қуатын әлемге көрсетті.

Бұл парадқа және жалпы алаңдағы мерекелік шараға мұғалім, студенттерден бастап барлық саладан 100 мың адам жұмылдырылған. Олар екі аптадай дайындық жүргізген. Дайындық қатаң тәртіпте өткені сонша, дайындыққа қатысушылардың әжетханаға баруға уақыты болмағандықтан оларға жөргек (подгузник) кигізген. Тойға дайындық барысында Бейжіңде қатаң тәртіп орнап, метро, көлік қозғалысы жіті тексеріліп, Тянмэнь алаңы маңында тұратын адамдарға мереке және мереке кезінде үйлерінен шықпауға, перделерін ашпау бұйырылған. Сондай-ақ алаңға жақын қонақ үйлердегі шетел азаматтары да бірнеше күн қонақ үйден шығарылмаған. Мереке қарсаңында интернет желісі баяулап әлеуметтік желілер қатаң бақылауға алынған.

Қытай төрағасы Си Цинпинь әскери парад алдына шығып қысқа сөз сөйлеген. Төраға өз сөзінде: “Қытай халқын ешқандай күш тоқтата алмайды” деп мәлімдеді.

Сондай-ақ дәл мереке күні өршеленіп кеткен Гонконгтегі митингіге шығушылардың қаперіне қарата “Бір ел екі жүйе” саясаты сақталатыны және автономия мәртебесі бар қаланы тек гонконг азаматтары ғана басқарады деді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.