29-01-20 | 17:00
Қытайдан келген 35 қазақстандық ауруханаға жатқызылды.
Қытайдан келген 35 қазақстандық ауруханаға жатқызылды

Қытайдан келген 35 қазақстандық ауруханаға жатқызылып, оқшауланды. Олардың 27-де мерзімдік ауру анықталды деп хабарлайды Қазақстаннның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин.

«6 қаңтардан бері Қазақстан мен ҚХР шекара пунктінен 12610 адам өткен. Олардың ішінде 12365 біздің азаматтар, шетелдіктер саны – 245. Бүгін таңғы сағат 7:00-ге мәліметтерді анықтадық. Қазақстанның барлық аймағындағы медицина қызметкерлері осылардың 51%-на, яғни 6449 адамға қоңырау шылып, денсаулықтарына шағымдары бар ма, жоқ па екенін білді. Жекелеген бокстарға 35 адам ауруханаға жатқызылып, оқшауландырылды», -дейді Ж.Бекшин.

Маманның сөзінше 27 адам мерзімді ауруға шалдыққан, оның ішінде 22-адамға «жіті респираторлы вирустық инфекция», 4 – грипп және бір адамда грипп және парагрипп, «яғни минкс-инфекция» анықталды. Ал қалған 8 адамның талдамаларын жаңа короновирус бар-жоғын анықтау үшін зерттеуге жіберген.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.