arasha.kz

30 секунд «демалмай тұрған» семейлік әкім мен депутаттар 85 мың теңгеден айыппұл төлейді

Сайлаудан кейін бетпердесіз суретке түскен семейлік депутатардың санитарлық нормаларды бұзғаны дәлелденді. Бір топ «халық қалаулылары» 85 мың теңгеден айыппұл төлейді, деп хабарлайды  Arasha.kz.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Берік Тілебалдин қоғамның қызу талқысына түскен семей қалалық мәслихаты депутаттарына айыппұл салынғанын хабарлады.

«Санитарлық талаптарды бұзған жеке тұлға ретінде әркім ақы төлеуі керек. Айыппұл сомасы – 30 АЕК, бұл шамамен 85 мың теңге. Айыппұлды төлеуге бір ай уақыт бөлінеді, бірақ егер жеті күн ішінде өтесе, оның жартысын төлей алады», – дейді қалалық бас санитар дәрігер Берік Тілебалдин.

Депутаттар екі нұсқада суретке түскен. Соның бірінде бәрі маскасын шешкен. Көпшілік карантин шаралары сақталмағынына наразылығын білдірді.

«Біздің (депутаттар) арамызда екі-үш білікті дәрігер бар, олар егер біз демімізді 30 секунд ұстап тұрсақ, дем алмасақ, бізді бірден суретке түсіретінін айтты. Масканы шешіп, суретке түсіріп, бірден тақтық»-деп ақталған Семей қалалық мәслихатының хатшысы Бейсенбек Ақжалов түсініктемесі де депутаттарды айыппұлдан құтқармады.

Желіде танымал болған екі фотода да Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов пен оның орынбасары Айдар Садырбаев бар.

Exit mobile version