Қазақстандық билікте жүрген элита өкілдерінің рейтингісі шықты. Беделділігі жағынан жоғары ұпаймен Тоқаев көш бастаған тізімде Назарбаев фамилиясы жоқ.
Қазақстанның ел басқарған беделді шенеуніктер тізіміне 57 адамның есімі енгізілген. Ұпай элиталы топтың қоғаммен байланысы, ұйымдастыру шеберлігі мен беделін кесте түрінде көрсеткен.
Тоқаевтан кейінгі алғашқы үштікте Нұрлан Нығматуллин, Мәулен Әшімбаев, Кәрім Мәсімов тұр.
Қазақстанның ықпалды шенеуніктерінің қатарында болып, бір күнде қызметсіз қалған Алик Шпекбаевтың есімі алғашқы ондықта жүр.
Бірінші тоқсандағы алпысқа жуық элита үздіктерінің қатарына Бердібек Сапарбаев, Амандық Баталов және Даниал Ахметов кірмеген.
Рейтингке сүйенсек, Әсет Исекешевтің беделі Бақытжан Сағынтаевтан көш ілгері. Бірінші тоқсанда білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетовтың беделі тәжірибелі Ералы Тоғжановтан асып түскен.
Arasha.kz ел шенеуніктеріне қатысты мәліметтерді назарда ұстайды.