arasha.kz

Қабатов 31 арнаның продюсері қызметіне кірісті

Басынан дау арылмаған сқақшы Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке кіріскенін қуана хабарлады.

«Құрметті достар, жағымды жаңалығыммен бөлісейін. Өмірімнің өрнегі – шығармашылық жолымның жаңа белесіне қадам басқалы отырмын. 1-қарашадан бастап Қазақстанның ақпарат айдынында орны бөлек 31 арнаның ойын-сауық бағдарламарының Продюсері қызметіне кірісемін. Жуырда ғана арна басшылығы ауысып, Құрманбек Жұмағали бастаған заманауи көзқарасы бар медиаменеджерлердің жаңа толқыны келді. Қазір ұжымның қолға алып отырған жоба-жоспарлары менің де көңілімнен шықты. Бұл ауқымды теле-жобаларды іске асыру үшін үлес қосуға шақыру түскенде көп ойланбастан қабыл алдым.
Патша көңілді көрермен көңілінен шығамыз деп ойлаймын. Ендеше, 31 арна назарда болсын!», – деп жазады Қабатов.

Exit mobile version