14-12-19 |
780 рет қаралған
Әжетхана хикаясы: Полицей мұғалімнен кешірім сұрады.
Әжетхана хикаясы: Полицей мұғалімнен кешірім сұрады

фото Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының фейсбук парақшасынан алынды

Түркістан қаласындағы  Мағжан Жұмабаев атындағы №15 мектептің далада орналасқан әжетханасынан шыққан дау толастар емес. Әлеуметтік желі қолданушыларының назары осы оқиға ауып, қызу талқылау жүріп жатыр.

Оқиғаның кейінгі бағдарынан мәлім болғандай, полицей мұғалімнің үйіне барып, кешірім сұраған. Бұл туралы Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасының баспасөз қызметі фейсбук әлеуметтік желісінде мәлімдеме таратты.

«Үстіміздегі жылдың 13-желтоқсанында орын алған келеңсіздіктен кейінгі жағдай қалыпты. Кеукенов Бақыт Манасұлы ауруханада тексеруден өтті. Қан қысымы орнына келген. Қазір ұстаз үйінде, отбасымен бірге.
Бақыт Манасұлынан, барша педагог ұжымынан кеткен кемшіліктер мен түсініспеушілік үшін арнайы үйіне келіп, полиция подполковнигі Данияр Мейірхан мырза ұстаздан кешірім сұрап, қол алысты.
Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюповтың өзі мұғаліммен арадағы кикілжің достыққа ұласуын қалап, алдағы мерекемен құттықтап, оқиға бойынша Ішкі Істер Департаменті және қалалық әкімдік тарапынан арнайы қызметтік тексеріс басталғанын, қызметтік тексеру нәтижесінде тиісті тұлғаларға шара көрілетіндігін атап өтті.
Отбасының достары, облыстық білім басқармасының басшысы, қала әкімі мен қалалық мәслихаттың депутаты алдында Бақыт Манасұлы ризалығын білдіріп, мерекемен құттықтап тарқасты» делінген баспасөз мәлімдемеде.

Әжетхана дауының неден туындағанын, полицей не себепті мұғалімді ұстап алып кеткенін төмендегі материалдан оқыңыз.

Мектеп әжетханасын күзетпегені үшін мұғалімді полиция ұстады (видео)

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.