05-01-20 | 18:28
Заңгер әйелдерін ұратындардың жазасын жеңілдетіп қойған жаңа заңға қарсы шықты.
Заңгер әйелдерін ұратындардың жазасын жеңілдетіп қойған жаңа заңға қарсы шықты

Қазақстандық заңгер “әйелге зорлық-зомбылыққа” қатысты заңды сынға алды.  Адвокат Джохар Утебеков өзінің фейсбук парақшасында жаңа заң бойынша “әйелін ұрып-соғуға жауапкершілікті” жеңілдетіп қойғанын жазып, аталған заңнан бас тартуды талап етіпті.

“Қыркүйекте президенттің халыққа жолдауында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жауапкершілікті арттыру туралы уәде еткен. 4  ай өткеннен кейін бәрін керісінше істеп отыр!

Токаев қол қойған заңда әйелін ұрып-соғуға жауапкершілікті алып тастады деуге болады. 2020 жылдың 11 қаңтарынан бастап әйелін ұрып-соққандарға сот ҚАҒАЗ ЖҮЗІНДЕ ЕСКЕРТУ береді.

Жалпы адамды ұрғанды тұтқындайды. Ал әйелін ұрғаны үшін жеке, біршама жеңілдетілген бап нормалары 73-1 и 73-2 ӘҚКо қарастырылған.

Патриархалды билік:  “әйел адам емес, оны ұру қорқынышты емес” дегенді мойындап отыр. Бұл ұятты жағдай орта ғасырға шегініс!

Енді бұрынғы күйеулер де, азаматтық күйеулер де, бұрынғы азаматтық күйеулер де, ортақ баласы бар биологиялық әкелер де “Ұруға жеңілдік” алып отыр. Қазақстанда енді “Күңңің хикаялары” жантүршігерлік сериал жандана бастайды деген сөз.

Қайғылы жағдайлардан ешқайда қашып құтыла алмаймыз. Полиция қаласа да зардап шегушіге көмектесе алмайды. Тағы да күйеулері өлтірген, мүгедек еткен әйелдер шығады.

Бұл заңнан бас тартуды талап етемін”-деп жазыпты Джохар Утебеков желідегі парақшасында.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.