17-10-19 | 14:50
Заң жобасы: түсік жасату, жынысын ауыстыру қай жастан басталады?.
Заң жобасы: түсік жасату, жынысын ауыстыру қай жастан басталады?

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәжіліске “халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі” кодексінің жобасын таныстырды. Жобаны талқылау барысында депутат Зағипа Балиева: “Сіз келтірген деректер бойынша, 25 жастағы жастардың 16 пайызы импотент ал жас қыздардың 30 пайызы бедеу, бала көтере алмайды”,-деді. Ал министр жаңа кодекстің жобасы балалар мен жастардың денсаулығына бағытталғанын айтты.

Жаңа кодекстің жобасында жасөпірімдер 16 жастан бастап ата-анасының қатысуынсыз психологтар мен психиатрлардан құпия кеңес ала алады. Ал түсік жасату, жынысын ауыстыру және тағы басқа медициналық қызметтерді алу 18 жастан басталады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.